2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбедегі «Айс» фермасы бір басқа шаққанда лактация кезеңінде 11 тоннадан астам нәтиже көрсетіп, сиырлардың сүт өнімділігі рейтингінде екінші орын алды.
Ферма мамандары голштин тұқымының генетикасы жылына 15, тіпті 16 тонна өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімді. Бірақ мұндай көрсеткіштерге жетудегі басты мәселе – мал саулығы. Нәтиже жануарларға зиян келтірмеуі керек.
Тағы бір маңызды жайт бар: малды дұрыс азықтандырған кезде сүт өнімділігі артып қана қоймай, көптеген аурулардың қаупі де төмендейді. Себебі сиырлардағы жұқпалы емес денсаулық мәселелерінің 95%-ы метаболизммен байланысты.
Яғни сиырларды емдеуден бұрын оларды дұрыс азықтандыру қажет. «Айс» фермасында сиырлардың өнімділігі қалай арттырылатынын және қандай азықтандыру тәсілдері қолданылатынын жаңа видеодан көріңіз.