Сүт өндіріс зауыты
Біздің зауыт заманауи неміс және итальяндық толық циклды технологиялық жабдықтармен жарақталған. Толығымен автоматтандырылған процесстер Siemens компаниясының бағдарламасымен басқарылады.
![capture](https://icecompany.kz/wp-content/themes/icecompany/img/milk-slide-final.png)
![capture](https://icecompany.kz/wp-content/themes/icecompany/img/milk-slide01.png)
![capture](https://icecompany.kz/wp-content/themes/icecompany/img/milk-slide02.png)
![capture](https://icecompany.kz/wp-content/themes/icecompany/img/milk-slide03.png)
![capture](https://icecompany.kz/wp-content/themes/icecompany/img/milk-slide04.png)
Сүт цехы
Цехта майлылығы әр түрлі сүтті қайта өңдеу және құю жүргізіледі. Автоматтар мен жабдықтар Еуропадан, АҚШ пен Ресей Федерациясынан жеткізілген. «Егістіктен сөреге дейін» циклында тәулік бойы жұмыс жасау режимі ең дәмді және пайдалы сусындардың бірінің барлық құнды компоненттерін сақтауға мүмкіндік береді. Өз фермасынан және кластерді құрайтын фермалардан келетін сүт технологиялық процесс сатыларынан өте жақсы санитарлық жағдайда өтеді. Сөйтіп ол дүкен сөрелеріне жаңа сауған қалпында түседі.
Қаптамасы
Кез келген өнім үшін сенімді қаптамасының болуы өте маңызды. Біздің сүт және қышқыл сүт өнімдеріміз герметикалық жабылған және дәмі мен пайдалы қасиеттерін мінсіз сақтайтын ПЭТ-шөлмектерге, полистиролдан және пюр-пакеттерден жасалған стақандарға құйылады. Ал сүзбе цехының өнімдерін қоршаған орта әсерінен БОПП қаптамасы сенімді қорғайды.
Сүзбе цехы
Сүзбе цехында заманауи итальяндық жабдықтардың көмегімен сиқыр жүреді – өз фермасынан алынған таңдаулы сүт дәмді сүзбе, сүзбе десерті және сүзбе ірімшігіне айналады. Өнімдерді дайындаудың, салқындатудың, ашытудың, пісудің және престеудің тамаша жағдайы, тек жоғары сапалы компоненттер, қаптама желілерін оңтайлы орналастыру және жабдықтау – мұның бәрі біздің сүзбенің сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндігінің кепілі.
Ашымалы сүт цехы
Ашымалы сүт цехы айран, қаймақ, қою айран, йогурт және түрлі қоспалары бар ашытылған сүт тәтті сусындарын алу және оларды ыңғайлы және сапалы қаптамаға орау мақсатында сүтті термоөңдеуге арналған соңғы үлгідегі автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған. Температуралық өңдеудің түрлерінен, яғни пастеризациядан, қыздырудан, зарарсыздандырудан өткен, сондай-ақ әртүрлі ашытқы пайдаланған кездеб сұт белгілі бір өнімнің дәмі мен консистенциясына ие болады.