Біз туралы
1999 жылы Ақтөбе қаласында балмұздақ өндіретін шағын цех пайда болды. 20 жылдан соң, біз – облыста «егістіктен сөреге дейін» тұйық циклы бар ең ірі кәсіпорынбыз. Израиль, АҚШ, Швейцария, Австрия, Франция және Германия компанияларымен агротехнологиялар саласындағы ынтымақтастық, зауытты итальяндық және неміс жабдығымен жарақтандыру – осының барлығы біздің басты мақсатымызға жетуге көмектеседі. Ал біздің мақсатымыз – Батыс Қазақстанда және одан да тыс жерлердегі тұтұнушыларымызды пайдалы әрі дәмді сүт өнімдерімен қуанту.
Мансап
Соңғы технологиямен жабдықталған кәсіпорында жұмыс істеу әрқашан «өткен ғасырға» қарағанда қызықты. Басшылықтың мақсаттарын қолдайтын, жеке және кәсіби өсуге ұмтылатын ұйымшыл ұжым бізге серпінді дамуға көмектеседі. Бүгінде біздің «отбасымыз» - 400 адам. Олардың көпшілігі бізбен көп жыл бірге, ал кейбіреулері – тіпті басынан бастап жұмыс жасауда. Біз табысты мансап үшін жағдай жасаймыз. Қызметкерлер оқытудан өтеді, тәлімгерлік жүйесі бар. Ұжымымыздың бір бөлігі, кәсіби маман ретінде қалыптасқыңыз келе ме? Заманауи және жайлы жағдайда жұмыс жасай отырып, лайықты ақы алғыңыз келе ме? Форманы толтырыңыз, біз егжей-тегжейлі талқылаймыз.