Басты бет Блог және жаңалықтар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен «Айс» ЖШС басшысы Қуаныш Амангалиевич Ищанов Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – көпжылдық еңбектің, кәсіби шеберліктің, агроөнеркәсіптік кешенді, сүтті мал шаруашылығын дамытуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестің лайықты бағасы.

Қуаныш Амангалиевичның басшылығымен «Айс» ЖШС өңірдің сүт саласындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі – тауарлы-сүт фермасын кеңейту жобасын жүзеге асыруда.

Жоба Солтүстік Қазақстан облысының озық тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында «Ақтөбе» ӘКК арқылы жылдық 2,5% мөлшерлемемен, 10 жыл мерзімге жеңілдетілген қаржыландыру тарту арқылы іске асырылуда.

Жобаны іске асыру барысы

Жобаның бірінші кезеңі құны 3,25 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Екінші кезеңнің құны 4,25 млрд теңге. Қазіргі уақытта жоба іске асырудың қорытынды кезеңінде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының 90%-ы орындалды. Нысанды 2027 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

Кәсіпорынды дамытуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7,5 млрд теңгені құрады.

Өндірістік көрсеткіштердің өсуі

Жобаны іске асыру нәтижесінде «Айс» ЖШС-нің өндірістік көрсеткіштері жаңа деңгейге көтеріледі:

  • Сауын сиырлар саны 1 000 бастан 2 600 басқа дейін артып, өсім 160%-ды құрайды;
  • Сүттің жалпы өндіріс көлемі жылына 13 500 тоннадан 33 000 тоннаға дейін жетіп, өсім 144,4%-ды құрайды.
Жаңалықтарға оралу